26.10.2026
Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, ардақты оқушылар!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республика күні – еліміздің егемендігін айқындап, тәуелсіздікке бастар жолға негіз болған тарихи әрі тағылымы мол мереке. Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, туған жерге деген сүйіспеншілігін, жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайтын ерекше күн.
Отанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендеп, келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болғай!
Білім мен тәрбиені ту еткен мектебіміздің мерейі үстем болып, шәкірттеріміз биік белестерді бағындырсын! Әрбір жас ұрпақ елін сүйетін, жерін қадірлейтін, білімді де саналы азамат болып өссін!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!
Республика күні құтты болсын!